Алматыда ірі көлемдегі героин партиясы жойылды.Оның салмағы бір тоннадан асады. Есірткіні қолға түсіру үшін Қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері Германияның кеден полициясымен бірлесе жұмыс істеген. Сондай-ақ, Ресей, Беларусь, Литва, Польша және Нидерланд құқық қорғаушыларының атсалысуымен халықаралық операция ұйымдастырылды. Нәтижесінде тауар тасымалдағандардың жолына тосқауыл қойылды. Қылмыстық топ героинді мәрмәр тастардың ішіне жасырып, Ираннан Қазақстан арқылы Еуропаға жеткізбек болған.
Қуан Нұрақын