Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда зейнет жасына жеткендердің саны 2 млн-нан асады. Былтыр бюджеттен базалық зейнетақыға 772 млрд теңге төленді. Еске салайық, 2018 жылдан бері мемлекеттік базалық зейнетақы әр адамның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескеріп, жеке тағайындалады. Төлем неғұрлым тұрақты және толық түсіп отырса, зейнет жасына жеткен азаматтың базалық зейнетақы төлемдері соғұрлым көп болады.
Ақерке Бектас