Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5%-ға төмендетуіміз керек. Бұл туралы 7-інші шақырылған Парламенттің алғашқы отырысында Президент Қасым Жомарт Тоқаев айтты.
«Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5% төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Солар Парламенттің биік мінберінен айтылуға тиіс көптеген өзекті мәселелерді дер кезінде әрі орынды көтеріп жүр. Осындай партиялардың өкілдері Парламентке өтсе, ондағы пікірталасты қыздыра түсер еді, ортақ жұмысқа тиімді болар еді», - деді Президент.