Президент VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты

17.01.2021

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Конституцияның 59-бабының 2-тармағына сәйкес жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын 15 қаңтарға белгілеген, жұмада жаңадан сайланған Мәжіліс пен ағымдағы Сенат депутаттары бас қосқан алғашқы отырысы өтті.  

Алдымен Президенттің мәлімдемесіне, дәлірегі Парламент басымдық беруі тиіс заңдар пакетіне қысқаша шолу. Бұл 2020 жылдың соңында анонсталған саяси реформалардың үшінші пакеті.

Мәжіліске өту дәлізін 7-ден 5 процентке қысқарту. 2. Сайлау бюллетеньінде «Барлығына қарсымын» графасын енгізу. Осы жерде айта кететіні, 10 қаңтарда сайлаушылардың дауыс беруге 63 проценті барғаны (мұнша үлестің салмағы қаншалықты – бұл сұрақ) және екінші жағынан, жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің проценттік үлесі 3,95-ті құрағаны. Басқаша айтқанда 297 718 бюллетеньнің ешкімге пайдасы болмады. Сайлауға түскендердің ешқайсысы көңілінен шықпайтынын сайлаушы билікке жеткізу алуы керек. Және бұл билікке сенім мен наразылық деңгейін шынайы бағамдауға зор мүмкіндік.

3 пункт: Ауылдардың әкімдерін сайлап көргесін, аудандардың әкімдерін сайлауға көшу; Тағы бірнеше пункт бар.  Альбина Әшім жалғастырады.  


Хабарламаларға жазылу