Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры пайдалануға болатын жарна жайлы ақпарат беретін жаңа сервисті іске қосқандарын хабарлады. Оның қолайлылығы - мәліметті электронды цифрлық қолтаңбасыз алуға болады. Портал былай аталады: cabinet.enpf.kz/porog.
Иә, зейнетақы қорындағы есепшоттан бірнеше маңызды мәселеге байланысты қаржы алуға рұқсат беретін заң күшіне енгені мәлім. Бұл мүмкіндікті пайдаланатын адам саны көп емес деген скептик-пікірге қарамастан, азаматтарға өз қаржысын зейнет жасына жетпей-ақ жұмсау құқығының берілуі - маңызды қадам. Және жеткілікті ақша жинағандардың бәрін негативті реңкте сипаттау мүлдем дұрыс емес. Және бұл бүгін-ертең бітетін шара емес, қолданысқа енген заң. Демек шекті деңгейге уақыт өте жетуге болады.
Бірінші кезекте тұрғын үй алу, ипотекалық несиені жабу немесе баспананы кеңейту сияқты пункт тұр. Одан кейін ем-дом алу. Ал тағы бір жолы – басқа сақтандыру қорына салу. Былайша айтқанда, көбірек инвестициялық пайда көруге әрекет. Мұның салымшы үшін қандай басымдығы бар? Тәуекел қаншалықты?
Мәселені талдай отырып, қаржы пирамидалары сияқты жойылмай отырған алаяқтықтың қаншалықты афера екеніне де тоқтала кеткіміз келеді. Салымды түрлі инструменттер арқылы көбейтуге болады, бірақ әп-сәтте және үлкен процентпен ешқашан көбеймейді. Ақерке Бектас талдап көрді.