Ақтаулық оқушылар түрлі тері ауруларын анықтайтын сайт ойлап тапты. Аймұрат Жеткізгенов пен Сұлтан Сәрсенбаев сайтты ғылыми жоба ретінде 3 айда жасап шығарған. Дәрігердің кеңесімен жетілдірілген портал арқылы бөртпенің қандай ауру екенін білуге болады. Ол үшін жараны суретке түсіріп, сайтқа енгізсе жеткілікті. Ондағы арнайы бағдарламалық кодтар 9 түрлі дертті анықтап бере алады.
Аймұрат Жеткізгенов, Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы:
Дәрігерлермен сөйлесіп, бұл сайтты көрсеттік. Ол маманның айтуы бойынша, сайттың болашағы бар дейді.
Аягөз Оралбайқызы