Ұйқысыздық коронавирус жұқтыру қаупін арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұйқысыздық коронавирус жұқтыру қаупін арттырады

18.01.2021

Коронавируспен ауырған науқастарда неврологиялық асқынулар пайда болуы мүмкін. Дәрігерлер аурудың мұндай белгілеріне жіті назар аудару қажеттілігін айтып отыр. Атап айтсақ, коронавирустан кейін адамда орталық жүйке жүйесінде проблемалар туындайды. Ұйқысы нашарлап, бұлшықеттерге зақым келеді. Сондай-ақ, ақ халаттылар коронавирус жұқтырған кезде инсульт алу мүмкіндігі көбірек екенін дәлелдеп отыр.  

Сондай-ақ, дәрігерлер коронавирус жұқтыру қаупін 250 пайызға арттыратын факторды атады. Ол – ұйқының жеткіліксіздігі. Яғни, ұйқысыздық адамның иммундық жүйесіне кері әсер етеді екен. Сол себепті, мамандар 5 сағаттан аз ұйықтамауға кеңес береді. Ал ұйқының сапасын жақсарту үшін бір уақытта тұрып және бір уақытта ұйқыға жатуды әдетке айналдырған абзал. 

Фариза Мұсақызы 


Хабарламаларға жазылу