«Менің туым – менің Отаным». Солтүстікқазақстандықтар челленджді ерекше өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің туым – менің Отаным». Солтүстікқазақстандықтар челленджді ерекше өткізді

18.01.2021

«Менің туым – менің Отаным» патриоттық акциясы жалғасуда. Осы жолы рухты көтеріп, ынтымақты насихаттайтын шараны Солтүстікқазақстандықтар ерекше өткізді. 5 ауыл бірігіп, байрағымызды көтерді, мызғымас бірліктің үлгісін көрсетті. Челленджге қатысқан тілшіміз Оңғар Алпысбайұлы толықтсын.  

Бұл Айыртаудың іргесіндегі Қарақамыс ауылы. Ұлттық құндылық ұлықталады дегенді естіген осы маңдағы 5 ауылдың тұрғындары да бұл шарадан қалыс қалмады. Атқа қонып, құмай тазысын ертіп, алаңға жиналды. Байрағымызды биікке көтерген ауылдықтар ұлттық нышанның мән-маңызына тоқталды. Құрмет көрсетіп, тағзым еткен ауылдықтар осылайша елдің бірлігін насихаттауды көздейді.  

Меңдібай Тәжібаев, Қарақамыс ауылының тұрғыны: 
-Басымыз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Келешекте де осындай іс-шаралар жалғасын таба берсін деп ойлаймыз. 

Туға құрмет- елге құрмет. Ал оны жас ұрпаққа ұғындыру - әр азаматқа міндет. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген бұқара қауымның пайым пікірі осыған саяды.

Таза ауа, тұмса табиғат аясында өткен шараға жасы да жасамысы қатысты. Ақ тілегін жаудырған үлкендер тарапынан бата берілді. Қазақтың қара домбырасымен ән-шашу да төгілді.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 
-Осылайша бұл челлендж 5 ауыл үшін үлкен ұлан-асыр тойға айналды. Бұл челлендждің мақсаты да біреуден артық істейміз деп мақтану емес. Тек қазақ елінің бірлігін көрсеті. Сондай-ақ, 5 ауыл челленджді ешкім ге жолдамады. Тек барша қазақ елінің бірлігі дәл біздікіндей бекем болса деген тілегін айтты.  

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу