Елбасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

19.01.2021

Елбасы «Единая Россия» партиясының төрағасы, Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. Ол «Nur Otan» партиясының жеңіске жетуімен құттықтады.  

Сондай-ақ партияның елді өркендетуге бағытталған стратегиялық бағдарын қолдайтынын атап өтті. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев бұған ризашылығын білдірді. Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының рухы мен мазмұнына сай келетін «Nur Otan» және «Единая Россия» партиялары арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде екеніне тоқталды.   

Нысаналы Ығыл  


Хабарламаларға жазылу