Мұғалімдерден жүйелі түрде пара алып келген мектеп директоры 8 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалімдерден жүйелі түрде пара алып келген мектеп директоры 8 жылға сотталды

19.01.2021

Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алып келген мектеп директоры 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысында № 34 мектептің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды. Нақтырақ айтсақ, бірнеше рет сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткен және талан-таражға салған, сондай-ақ, алаяқтық жолмен мұғалімдердің үстемеақысын да иемденген. Тіпті аз қамтылған отбасылардың балаларына ыстық тамаққа бөлінген ақшаны да өз пайдасына жаратқан. Десе де тергеу кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Үкім оқылғаннан кейін ол сот залынан қамауға алынды.   

Аинель Орақбаева, Еңбекші аудандық сотының судьясы: 
- Бұл қылмыстың барлығы карантин кезінде орын алған. Яғни ақысыз еңбек демалысына жолдама үшін, жұмыста қалдыру үшін пара сомасын талап еткен.  


Хабарламаларға жазылу