Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам көз жұмды. 1134 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 171232-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 948 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 155397. Қайтыс болғандар - 2431.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 038 адам ем қабылдап жатыр. 307 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 118 адам дертке шалдығып, 3 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 46984 адамға пневмония диагнозы қойылды. 34805 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 545.