Коронавирустың «британиялық» штаммы 60-тан астам елден табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың «британиялық» штаммы 60-тан астам елден табылды

20.01.2021

Коронавирустың «британиялық» штаммы 60-тан астам мемлекетте анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Осыған байланысты көптеген елдерде карантин мерзімі ұзартылып жатыр.

Германия шектеу шараларын ақпанның 14-не дейін созды. Елде вирустың таралуы азайған. Алайда мамандар инфекцияның жаңа түрлері өрши ме деп алаңдап отыр. Сондықтан, билік қатаң талаптар Еуропаның барлық елдерінде сақталмаса, шекараны жабуға дайын екенін ескертті.

Ұлыбританияда жаңа антирекорд. Өткен тәулікте елде індеттен 1610 адам қайтыс болды. Инфекция күніне 30 мыңнан астам адамнан анықталуда. Соңғы деректерге сай, Біріккен Корольдік тәуліктік өлім-жітім бойынша әлемде бірінші орында тұр. 

Ал Австралияда тенистен Ашық чемпионатқа барған спортшылар дертке шалдығып жатыр. Инфекция турнирге қатысы бар 10 адамнан расталды. Олардың төртеуі – теннисші. Енді 70-тен астам спортшы мен бапкер екі апта карантиннен өтуі тиіс. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу