Екі күнде Теңіз кенішінің 129 жұмысшысынан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі күнде Теңіз кенішінің 129 жұмысшысынан коронавирус анықталды

20.01.2021

Атырау облысында орналасқан Теңіз мұнай кен орнында эпидахуал ұшығып тұр. Екі күнде 129 жұмысшыдан вирус анықталды. Науқастардың көбінде ауру симптомсыз өтіп жатыр. Бүгінде кеніште карантин талаптары қатаңдатылды. Кәсіпорынның кіреберісіне қойылған блок-бекеттер әлі де алынған жоқ. Теңіздегі инфекциялық стационарда 800-ге тарта адам оқшауланған. Қауіпті індет жұқтырғандар санының артуына байланысты, Атырау облысы тағы да «қызыл» аймақта қалып отыр. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу