Қазақстанда сүт бағасы қымбаттап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда сүт бағасы қымбаттап жатыр

21.01.2021
Қазақстанда сүт бағасы қымбаттап жатыр

Қазақстанда сүт бағасы қымбаттаған, ал оны тұтыну көлемі айтарлықтай төмендеген, деп хабарлайды Еnergyprom.kz. 

2020 жылы 598,5 мың тонна сүт пен кілегей өндірілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға артық. Оның 32 пайызға жуығы Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі - 189,1 тонна. Бұдан бөлек, Алматы облысында 98,9 тонна, Ақмола облысында 94,9 тонна сүт өндірілген.

Сүт бағасы да айтарлықтай қымбаттаған. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан қалаларында шикі сүт бағасы орта есеппен 9,8% пайызға өсіп, литрі 243,7 теңгеге дейін өскен. Майлылығы 2,5% пастерленген сүт 6,5%-ға (литрі 258,1 теңгеге дейін) ал майлылығы 3,2% пастерленген сүт 7,9%-ға, (литрі 276,9 теңгеге дейін) қымбаттаған.

Сүт бағасының қымбаттауынан оны тұтыну көлемі қысқарды. 2020 жылдың үшінші тоқсанында әрбір қазақстандық 4,6 литр шикі сүт тұтынған. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 литрге аз.

Ауылдық жерлерде орташа сүт тұтыну деңгейі жан басына шаққанда 8 литрді құрады, 2019 жылмен салыстырғанда 2 литрге аз. Қалалық жерлерде әр тұрғын 2 литрге дейін шикі сүт тұтынған.


Хабарламаларға жазылу