Биылдан бастап ел азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдар шетелдік шоты туралы есеп беруден босатылды. Демек тұрғындар енді өзге ел банктерінің шотында бар соманың мөлшерін жеке табыс салығы декларациясында көрсетуге міндетті емес. Жаңа жылдан бастап күшіне енген Салық кодексіндегі өзгерістер жайлы Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы хабарлады.
Ақерке Бектас