Грузиямен арадағы автомобиль қатынасына рұқсат жүйесі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузиямен арадағы автомобиль қатынасына рұқсат жүйесі енгізіледі

21.01.2021

Қазақстан Грузиямен арадағы халықаралық автомобиль қатынасын реттеп, оған рұқсат жүйесін енгізеді. Екіжақты келісімге өзгеріс енгізу туралы заң жобасы Сенатта қабылданды. Қазір екі ел арасында автокөлікпен жүк рұқсатсыз тасымалданады.  

Заң бұдан бөлек, отандық көліктер қызметінің үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Себебі былтырғы алыс-берістің тек 29 проценті ғана бізге тиесілі болды. 57 проценті грузин көлік операторларымен тасымалданған.

Ақерке Бектас 


Хабарламаларға жазылу