Ералы Тоғжанов Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауыттың құрылысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ералы Тоғжанов Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауыттың құрылысымен танысты

22.01.2021

Жұқпалы індетке қарсы препараттар Жамбыл облысында шығарылады. Биофармацевтикалық зауытта тек COVID-ке ғана емес, басқа да сырқаттарға қарсы екпелер өндірілмек. Маңызды нысанның құрылысымен танысуға вице-премьер арнайы келіп, кешен жұмысын уақытылы әрі сапалы аяқтауға баса мән беруді ескертті. 

Кешенде түрлі дертке шипа дәрілер өндіріледі. Жаһанды жайлаған коронавирустан бастап, туберкулез, бруцеллез және тері ауруларын емдейтін препараттар мен төрт түлікке тиетін кеселге қарсы вакциналар да шығарылмақ. Биофармацевтикалық зауытты іске қосу наурызға жоспарланып отыр. Жоба халықаралық стандартқа сай. Қазір қазандық, трансформатор, сорғы станциялары және хлорлау мен энергетикалық нысандардың құрылысы аяқталған. 

Кезекті нысан – биологиялық қауіпсіздік мәселелері институты. 62 жылдық тарихы бар. Ғылыми мекеменің басшысы Күнсұлу Закария вице-премьерге COVID-19 вакцинасын әзірлеудегі зерттеу нәтижесін баяндады. Мұндағы қызметкерлер үшін 60 пәтерлі көп қабатты үй салынуда. Құрылыс қарқынды. Шілдеде үш үй пайдалануға беріледі. Тағы спорт және акт залы да қоса қарастырылған.   

Үкімет өкілдері Отар ауылына да атбасын бұрды. Халықтың қалауы бойынша салынған спорттық-сауықтыру кешені мен жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясын көрді. 

Нысаналы Ығыл 


Хабарламаларға жазылу