Шымкент қаласында түнде басталған жаңбырдың соңы қарға ұласты. Аязды бораннан шаһардағы 18 шағын ауданның электр жарығы сөніп қалды. Магистралдық желілердің айқасуы, трансформатордың ішіне су өтуі, желінің үзілуі секілді жағдайлар орын алды. Салдарынан көшелерде бағдаршам істен шығып, көлік қозғалысы біршама қиындады. Коммуналдық мекеме қызметкерлері таңнан бері электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде 5 шағын ауданға жарық қайта қосылды. Көшелерді қардан тазарту жұмыстары әлі де жалғасуда.
Мақсат Құрманбай, Коммуналдық тазалық мекемесінің өкілі:
Қала бойынша 125 техника жұмылдырылды. 5 үлкен мекеме қаланы тазалап жатыр. Және де 600-ге жуық адам жұмыс жасап жатыр. Тротуарларды арнайы техникамен тазартуда.
Ғани Қалмаханов