Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады

22.01.2021

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. «Nur Otan» партиясының төрағасы сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын уақытылы жүзеге асыруға тоқталды. Елбасы экономиканы әртараптандыруда аталған министрліктің алдында ауқымды жұмыстар тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ кездесуде өндіріс, транспорт және құрылыс саласының дамуы сөз болды.   

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу