Қарағандыда волонтерлар мектебі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда волонтерлар мектебі ашылды

25.01.2021

Қарағанды медицина университеті студенттерінің бастамасымен пандемия кезінде халыққа көмек қолын созу мақсатында волонтерлар мектебі ашылды. Ерікті азаматтар оқу ордасының симуляциялық және білім беру технологиялары орталығында дәріс алады. Мұнда олар алғашқы көмек көрсету, өкпе-жүрек реанимациясын жүргізу, науқасқа күтім жасау, сырқатты дұрыс тасымалдау сынды медициналық дағдыларды үйренеді. Курсқа қатысуға 100-ден астам адам ниет білдірген. Осылайша бір жыл ішінде мыңнан астам волонтерды оқыту жоспарланған. Мектепті бітіргендерге арнайы сертификат беріледі. 

Дарын Әбілжанов, медицина университетінің 5-курс студенті:
Мақсатымыз - COVID-19 жұқтырған науқастарға көмек көрсету, оларға күтім жасау. Волонтеларға 15 онлайн сабақты және 5 практикалық дағдыны үйретеді.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу