Вакцинациялау үш кезеңнен тұрады. Министрліктің мәліметіне сай, алғашқы кезеңде инфекциялық ауруханалардың медицина мамандары, жедел жәрдем қызметкерлері, жан сақтау мен қабылдау бөлімінің ақ халаттылары, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары салғызбақ. Бұл шамамен 100 мың адам. Ал екінші кезең 1-наурызда басталады. Шамамен 150 мың адамға екпе егіледі. Бұл тізімде жалпы мектеп пен жоғарғы оқу орнының ұстаздары, медицина саласының қызметкерлері бар. Ал үшінші кезеңде мектеп интернаты мен балабақша ұстаздары, студенттер мен созылмалы ауруы бар адамдарға салынады. Бұл шамамен 600 мың адам. Сәуір мен мамыр айларында қалған санаттағыларға екпе егіледі. Жалпы ел бойынша 6 млн адамға екпе салынады. Вакцина алғашында Ресейден алынады. Ал 15 ақпаннан бастап сол ресейлік екпенің Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілген нұсқасы қолданылады.
Ержан Байтанаев, ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:Кез келген азамат вакцинадан бас тарта алады және де вакцинаға қағаз түрінде келісімін береді. Ал мәжбүрлеу туралы ақпараттар кері. Әр адам өз қалауымен қабылдайды. Сондай-ақ вакцинаны 18-60 жас аралығындағы азаматтарға салынады. Мектеп оқушыларына салынбайды.
Қазақстандықтардың 56 пайызы екпе салдыруға қарсы емес. BISAM Central Asia әлеуметтік және маркетингтік зерттеу орталығы жүргізген сауалнаманың нәтижесі осындай. Ал қалған пайызы бұл сұраққа жауап беруге қиналған. Сондай-ақ Gallup International қауымдастығы жүргізген сұрақ-жауап нәтижесінде 47 елдің 67 пайызы егер вакцина сапалы әрі тиімді болса, екпе егуді қолдайды. 26 пайызы қарсы, 7 пайызы жауап бермеген.
Раушан Сайлауқызы