Елімізде министр мен әкімдердің ақшасы, қаржылық операциялары қатаң бақылауға алынуы мүмкін. Осыны көздейтін заң жобасы қазір әзірленіп жатыр. Құжат қабылданып жатса, министрлер, әкімдер мен судьялар және лауазымды әскери қызметкерлер мен мемлекеттік мекеме басшыларының қаржылық кіріс-шығысы бақылауда болмақ. Бұл жымқыру мен бюджет ақшасын жасырудың алдын алады дейді мамандар.
Оның үстіне қазір елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі жүріп жатыр. Жарты жыл ішінде жауапты лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайы жасырған мүлігі болса, соны жария етіп, заңдастыруы керек.
Бүгін Қаржы министрлігі мүлігін жариялап үлгермегендерге 9 мыңдай, ал жасырғандарға 580 мың теңгеден астам айыппұл салынатынын айтты.
Досжан Маратұлы