Қостанай облысында COVID-19 сынамасын тексеретін жылжымалы зертхана кешені іске қосылды. Мұнда жұмыс істейтін жергілікті мамандар Алматы қаласына барып арнайы курстан өтіп келді. Жылжымалы нысан бір тәулікте 300-ге дейін зертханалық тексеріс жүргізуге қауқарлы. Бұл шалғай аудандарға шығып, қауіпті індетті жедел анықтауға мүмкіндік береді дейді мамандар. Тіркемелі КамАЗ көлігіне орналасқан кешен өз жұмысын Денисов ауданынан бастайды. Осы жерде Қамысты, Жітіқара аудандарының да тұрғындарын қабылдайды. Қазір еліміздегі мұндай 8 кешен бар.
Қарлығаш Кенжебаева, вирусологиялық зертхана меңгерушісі:
Тіркемеде демалыс бөлмесі бар. Дәрігерлер сол жерде демалуына болады. Бұл кешен мамандардың шалғай аудандарда ұзақ мерзім жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Дәуренбек Әбдібек