Қазақстан биыл 10 млрд текше метр газ экспорттайды. «ҚазТрансГаз» бен PetroChina International арасындағы сауда келісімі аясында Қытайға газ сатуды жоспарлап отыр. Энергетика министрлігі көгілдір отынды бұдан бөлек Ресей мен Қырғызстанға да жеткізбек. Айта кетейік, Президент алдағы уақытта елде газ тапшылығы туындауы мүмкін екенін айтқан. 2027 жылға қарай газды тұтыну көлемі 26 млрд текше метрге дейін өсуі мүмкін. Сондықтан Президент газ нарығын реттеудің жаңа тәсілін әзірлеуді тапсырды.
Ақерке Бектас