Қазақстанда электр энергиясы 7 пайызға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда электр энергиясы 7 пайызға қымбаттады

27.01.2021
Қазақстанда электр энергиясы 7 пайызға қымбаттады

2020 жылы Қазақстанда сағатына 107,9 миллиард киловатт электр энергиясы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,9 пайызға көп, деп хабарлайды Energyprom.kz. Ал электр қуатын тұтыну 2 пайызға артып, сағатына 107,1 миллиард киловатт болды.

Электр энергиясы Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында көбірек шығарылса, тұтыну көлемі бойынша Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстары алда тұр.

Былтырғы желтоқсанда электр энергиясы 2019 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6,5 пайызға қымбаттаған.

Өсім Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына көбірек байқалды. Ал Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тарифтер өзгерген жоқ.

Хабарламаларға жазылу