Әлем елдерінде коронавирусқа қарсы вакцина жетпей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем елдерінде коронавирусқа қарсы вакцина жетпей жатыр

27.01.2021

Әлемде коронавирусқа қарсы вакцина жетпей жатыр. Pfizer және AstraZenеca компаниялары препаратты дер кезінде жеткізбей, бірқатар мемлекет екпеу егу науқанын тоқтатты. Осыдан кейін Еуропалық Одақ аталған ұйымдарды сынға алып, вакцина экспортына бақылауды күшейтетінін ескертті. 

Ал Ұлыбритания вакцинациялау қарқыны бойынша Еуропада алда келеді. Екпе халықтың 10 пайызына, яғни 7 миллионға жуық адамға салынған. Десе де, өлім-жітім азаймай тұр. Елде індеттен қайтыс болғандар саны 100 мыңнан асты. 

Испания ғалымдары болса, ісік ауруларын емдейтін «Аплидин» препаратының «ковидпен» күресе алатын қасиетін анықтады. Оның бұған дейін қолданылып келген «Ремдесивирге» қарағанда коронавирусты 30 есе тиімді жоятыны дәлелденген.

Қытай коронавирус жайлы тың ақпараттармен бөлісті. Бұл туралы вирустың шығу тегін зерттеу үшін Уханьға барған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары хабарлады. Қаладағы вирусология институтында ковид жайлы 20 мың жазба былтыр көктемде жойылған. Сондықтан әлем ғалымдары Қытайды инфекция туралы ақпаратты жасырып отыр деп айыптап келеді. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу