БҚО-да бір аптада коронавирустан 14 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да бір аптада коронавирустан 14 адам көз жұмды

27.01.2021

Батыс Қазақстан облысында бір аптада коронавирустан 14 адам көз жұмды. Бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш. Жалпы қаңтар айында 1300-ден аса адамнан ауру анықталды. Осыған орай облыстың бас санитарлық дәрігері карантинді күшейтуді ұсынып отыр. Мәселен, қоғамдық көлік қозғалысын тоқтатып, мемлекеттік қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшірмек. Өйткені қаулыға қарамастан көп қызметкерлер әлі жұмысқа барып-келіп істеуде.

Рауан Диәли

Хабарламаларға жазылу