Газ тарту бағасы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газ тарту бағасы арзандады

27.01.2021

Нұр-Сұлтанда газды үй ішіне тарту бағасы арзандады. Негізі көгілдір отынды есік алдына жеткізу ісімен әкімдік айналысады. Ал оны ішке кіргізу үшін жеке компанияларға жүгіну қажет. Бүгін олар қызмет ақысын 30 пайызға арзандатты. Мәселен газды үй ішіне жеткізу бұған дейін 250 мың теңге болса, қазір 130-150 мың теңгеге дейін арзандады. Бірақ бұл сомаға газ қондырғысының құны кірмейді. Ал қызмет ақысының азаюына жеке компаниялармен жүргізілген келіссөздер себеп.

Айта кетейік, қаланы газдандыру үш кезең бойынша жүргізіледі. Биыл Железнодорожный, Көктал мен агроқалашықтың бір бөлігі көгілдір отынға көшіріледі.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу