Өткен тәулікте коронавирустан 11 адам көз жұмды. 1413 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 182530-ға жеттi.
Соңғы тәулікте 1163 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 164319. Қайтыс болғандар - 2521.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 348 адам ем қабылдап жатыр. 274 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 83 адам дертке шалдығып, 5 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 47658 адамға пневмония диагнозы қойылды. 35436 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 564.