Алматыда COVID-19 жұқтырған науқастардың барлығы ауруханаға жатқызылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда COVID-19 жұқтырған науқастардың барлығы ауруханаға жатқызылады

28.01.2021
Алматыда COVID-19 жұқтырған науқастардың барлығы ауруханаға жатқызылады

1 ақпаннан бастап Алматыда COVID-19 жұқтырған науқастардың барлығы ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы шаһардың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында айтылған. 

Сонымен қатар, театрлар мен кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынады.

Сауда орталықтары тек жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Жабық базарлардың жұмысы сағат 17:00-ге дейін шектеледі.

Қоғамдық тамақтандыру орындары, дәмханалар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты - 9.00-ден 20.00-ге дейін. Ұжымдық іс-шаралар өткізуге болмайды.

Айта кетейік, Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Өткен тәулікте 138 адамнан вирус анықталды.

коронавирус карантин Алматы

Хабарламаларға жазылу