Қуат Хамитовтың 6 айға бас бостандығы шектелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуат Хамитовтың 6 айға бас бостандығы шектелді

28.01.2021
Қуат Хамитовтың  6 айға бас бостандығы шектелді

Алмалы аудандық соты аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімін шығарды.

«Қуат Хамитов Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығын шектеу туралы үкім тағайындалды», - деді судья.

Айыпталушы сот үкіміне 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады. Оның алдында спортшы соңғы сөзін айтқан болатын. Ол шетелге шығуға тыйым салмауын өтінген еді. Қуат Хамитов ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) қозғалған іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр. Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов полиция бөлімшесіне жеткізілген болатын. Ол әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолдануға шақырған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімімен іс қозғалды.


Хабарламаларға жазылу