Cенат депутаты ломбардтардың қызметін сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cенат депутаты ломбардтардың қызметін сынға алды

28.01.2021

Ломбардтардың қызметі бақылаусыз кеткен. Сондықтан олар қойылған талапты орындамайды. Сенатор Андрей Лукин ломбардтар мен микроқаржы ұйымдарының жұмысына қатысты кемшіліктерді сынға алды. Қазіргі норма бойынша ломбард иелері қызметін бастағаны туралы мемлекеттік органдарға ескертпеуге құқылы. Яғни, тексеруге мүмкіндік жоқ. Демек оларға қатысты әкімшілік шара қолдану мүмкін емес. Салдарынан халық алған қарызын еселеп төлеуге мәжбүр. Сондықтан микроқаржы ұйымдарының қызметін бақылау үшін бірыңғай ақпараттық жүйе қалыптастыру керек.

Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 
Кепілге қойылған мүлікті оның иесіне автоматты түрде ескертіп, жария сауда өткізу үшін бірыңғай платформа қажет. Тіркеуде жоқ барлық ломбард заңды түрде қайтадан құрылуға тиіс немесе мүлдем жабылуы керек. Бұдан бөлек, қарыз бергендегі комиссия көлемін реттеуге және қауіпсіздік пен техникалық жабдықтауға қойылатын талаптарға қатысты заңнамаларды жетілдірген жөн.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу