Павлодар облысында қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге жіберілмек. Президент сынынан киін аймақ басшысы COVID-19-ға қарсы іс- қимыл жөніндегі штабтың жедел отырысын өткізіп нақты тапсырмалар жүктеді Қазір облыста эпидахуал өршіп тұр. Екі аптадан бері ауру жұқтырғандар саны 200-ден төмен түскен жоқ. Соңғы тәулікте 221 тұрғыннан вирус анықталды. 600-ден астам адам стационарларда ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 13 сәби және 8 жүкті әйел бар. Бір қиыны вирус жұқтырғандар ауылдық жерлерде де көбейді. Әсіресе Ақсу қаласы мен Железинка, Аққулы және Тереңкөл аудандарында екі есеге өскен. Жыл басталғалы өндірістегі еңбеккерлердің арасынан 237 адам ауырған.
Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі:Адамдар көп жиналатын банк, Халыққа қызмет көрсету орталықтары және басқада кәсіпорындар жұмыскерлердің 80 пайызын қашықтан жұмыс істеуге жіберсін. Мұны орындамаған кез келген мекеме, кәсіпорын жауапкершілікке тартылады.
Болат Аманбаев