Елімізде ерекше қажеттілігі бар 89 мың бала есепте тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ерекше қажеттілігі бар 89 мың бала есепте тұр

28.01.2021

Елімізде ерекше қажеттілігі бар 89 мың бала есепте тұр. Бұл бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан осындай балаларға көмектесу үшін Елордада Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен «Қамқорлық» оңалту орталығы және «Қамқорлық» инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Бүгін қор директоры, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева аталған нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Ата-аналармен тілдесіп, балаларға көмектесудің тиімді жолдарын талқылады. Оңалту орталықтары шет елдің соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Қазір күнделікті 50 балаға тұрақты көмек көрсетіп жатыр.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу