Маңғыстау облысының Ақтау-Шетпе бағытында болған жол апатынан 10 адам жарақат алып, бір азамат көз жұмды. Куәгерлердің сөзінше, «Ларгус» маркалы көлігінің жүргізушісі көзі ілініп кетіп, қарсы бағытта келе жатқан машинаға соғысқан. Көліктердің сау тамтығы қалмаған. Науқастар бірден Шетпе ауылдық амбулаториясына жеткізілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген бойда олар облыстық ауруханаға ауысытырылды. Қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты. Үш азаматқа ота жасалмақ.
Айдана Сауытбаева, зардап шегуші:
- Күн ашық, ауа райы жақсы болды. Қарсы жақтан көлік бұрылып жатқан бізге соқты. Көліктің құжаттары жоқ болып шықты. Соған реніштіміз.