Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін ЭКО жасатуға жұмсай алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін ЭКО жасатуға жұмсай алады

29.01.2021
Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін ЭКО жасатуға жұмсай алады

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін ЭКО жасатуға жұмсай алады. Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

«Зейнетақы жинағын алуға қатысты ережеге сегізінші мақсат қосылды. Ол «көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар» деп аталады. Мұның ішіне экстракорпоральді ұрықтандыру процедурасы да кіреді», - деді ол Facebook-тегі тікелей эфир барысында.

Айтуынша, ЭКО қызметіне зейнетақы жинағын пайдалану қағидалары келесі аптада жарияланады.



зейнетақы жинағын падалану зейнетақы ЭКО

Хабарламаларға жазылу