Еліміздің 4 облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта тұр. ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 1 ақпан күнгі Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасын жариялады.
Орталықтың бағалауынша СҚО, БҚО, Ақмола, Павлодар облыстары «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, ШҚО, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
Жалпы, Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «сары» аймақта тұр.