Алматыда карантин жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда карантин жеңілдетілді

01.02.2021

Алматыда карантинді жеңілдету бойынша бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Жаңа қаулыға сәйкес коронавирус жұқтырған науқастарды ауруханаға жатқызу талабы өзгертілді. Енді инфекцияның жеңіл және орташа түрімен ауырғандар және үйде карантин сақтау мүмкіндігі болмаған симптомсыз науқастар ауруханаға жатқызылады. Мегаполистегі сауда нысандары, сауда-ойын-сауық орталықтары дүйсенбі мен сенбі аралығында таңғы 10.00-ден түнгі 23.00-ге дейін ашық. Ал жексенбі күні жұмыс істемейді. Жаңа қаулыға сәйкес кинотеатрлар мен театрлар жабылмайтын болды. Сондай-ақ бизнес және фитнес орталықтар, спорт залдары, туристік компаниялардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу