Азық-түлік бағасы қалай реттеледі - министрлік жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік бағасы қалай реттеледі - министрлік жауап берді

02.02.2021
Азық-түлік бағасы қалай реттеледі - министрлік жауап берді

Елімізде бағаны түбегейлі тұрақтандыру үшін Сауда және интеграция министрлігі ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісін ұлғайтпақ. Бұл туралы ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты.

«Бағаны түбегейлі тұрақтандыру үшін Министрлік бірқатар кешенді шараларды ұсынады: біріншіден, әкімдіктер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы қажет, Екіншіден, ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісін ұлғайту керек, үшіншіден, сауданы цифрландырумен қатар, Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске асырған жөн. 

Жалпы, 24 көтерме-тарату орталығы салынады. Оның ішінде 2022 жылы Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында, және Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарында 7 көтерме-тарату орталығы іске қосылады.

Сонымен бірге В2В платформасы енгізіліп, әлеуметтік әмиянмен интеграцияланатын болады», - деді министр.

Сонымен қатар шекарадағы заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл аясында техникалық реттеу жүйесін цифрландыру, «Сәйкестікті бағалау туралы» жаңа заңды әзірлеу, шекаралық сынақ зертханаларын құру, таңбалауға арналған тауарлар тізімін кеңейту ұсынылды.

Хабарламаларға жазылу