Қарағанды облысындағы Шахан кентінде шектеулер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы Шахан кентінде шектеулер енгізілді

03.02.2021

Қарағанды облысының Шахан кентінде коронавирустық инфекция жұқтырғандардың күрт артуына байланысты, ақпанның 6-нан бастап мектептер қайтадан қашықтан оқу форматына көшеді. Ал мектепке дейінгі мекемелерге, спорттық-сауықтыру орталықтардың жұмысына тыйым салынды. Сонымен қатар жәрмеңке өткізуге және мәдениет объектілерінің де жұмысына рұқсат жоқ. Ал сенбі және жексенбі күндері базардың, қоғамдық моншалар мен қоғамдық көлік жұмысына тоқтау қойылды. Қызмет көрсету саласындағы субъектілердің жұмысы сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін шектеледі.

Еске салсақ, осы кенттегі пансионатта тұратын 70 қария мен әлеуметтік мекеменің 26 қызметкері коронавирус жұқтырған еді. Қарттар үйіне залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, барлық науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.  

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу