Каспийден тәулік бойы балық аулауға рұқсат етіледі - Парламент заңды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспийден тәулік бойы балық аулауға рұқсат етіледі - Парламент заңды қабылдады

04.02.2021
Каспийден тәулік бойы балық аулауға рұқсат етіледі - Парламент заңды қабылдады

Енді қазақстандықтар Каспийден тәулік бойы балық аулай алады. Сенат бүгін осы заңды қабылдады.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң Каспийдегі мемлекеттік шекараны қорғаудың экономикалық қызметі мен құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді. 

«Конвенцияның негізінде тиісті заңдарға ені 15 теңіз милін құрайтын аумақтық сулар туралы норма енгізіледі. Олардың сыртқы шегі мемлекеттік шекара мәртебесіне ие болады. Аумақтық суларға 10 мильдік балық аулау аймақтары қосылады. Онда әр мемлекет балық аулау бойынша айрықша құқықтарға ие. Қабылданған заң мемлекеттік шекараны берік қорғауға, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Каспийде еліміздің экономикалық мүддесін жүзеге асыруға құқықтық негіз қалыптастырады. Сондай-ақ, заңның бірқатар нормалары су биологиялық ресурстарын сақтауға бағытталған. Жаңа нормалар біздің ұлттық мүддемізге сай келетіні сөзсіз», – деді ол.

Хабарламаларға жазылу