Зеленскийге импичмент жариялануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленскийге импичмент жариялануы мүмкін

04.02.2021

Украина президенті Владимир Зеленскийге импичмент жариялануы мүмкін. Оған мемлекет басшысының елдегі оппозициялық үш телеарнаны жабуы себеп. Зеленскийдің хабарлауынша, арналар Ресей саясатын жақтап, Украина қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Алайда олардың басшысы – Жоғарғы Рада депутаты Тарас Козак бұл шешімді заңсыз әрі «саяси өш алу» деп отыр. Осыдан кейін Козакты қолдайтын оппозициялық партия президентті қызметтен тайдыру рәсімін бастайтынын жеткізді. 

Сарапшылардың дерегіне сүйенсек, екінші мерзім ел басқаруден үмітті Владимир Зеленскийдің рейтингі соңғы уақытта рекордтық деңгейге төмендеп кеткен. Қаңтардағы статистика бойынша, оған халықтың тек 13,4 пайызы дауыс беруге дайын.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу