Вакцина – індеттен қорғанудың тиімді тәсілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцина – індеттен қорғанудың тиімді тәсілі

04.02.2021

«Спутник V» вакцинасы өзге екпелер сияқты 2 жылға дейін күшін жоймады. Сондықтан дәрігерлер індеттен қорғанудың ең тиімді тәсілі - екпе екенін ескертеді. 

Диляра Қайдарова, медицина ғылымдарының докторы, профессор: 
«Спутник V» вакцинасы көптеген мемлекеттерде өз тиімділігін көрсетіп жатыр. Сондықтан қорқатындай себеп жоқ. Керісінше бұл індеттен қорғайтын жалғыз тәсіл екенін түсінуіміз керек. Менің ойымша екпе 1 айдан кейін өз нәтижесін береді. Сонда ғана алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойылатын шығар.

Сәуле Қасенова, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде қазір 165 вакцина бар екен. Бірақ 15-і ғана рұқсат алды. «Спутник V» соның бірі. Демек қаншама тексерістен өтті. Өзінің тиімділігін дәлелдеді. Көптеген мемлекеттерде екпе салдыру ақылы түрде жүргізіліп жатыр. Ал бізде барлығын тегін. Сондықтан жасалып жатқан мүмкіндіктерді бағалауымыз керек. 

Хабарламаларға жазылу