Ақмола облысында бір тәулікте 14 оқушы коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында бір тәулікте 14 оқушы коронавирус жұқтырған

04.02.2021

Ақмола облысында соңғы тәулікте 14 оқушы коронавирус жұқтырған. Үшінші тоқсан басталғалы өңірде барлығы 296 бала індетке шалдыққан. Оның 115-і мектепке барып жүрген. Ауру тіркелген білім ошақтары бірден карантинге жабылуда. Қазір облыс бойынша 49 мектеп жұмысын уақытша тоқтатты. Барлығы 2 апталық карантинде. Өңірде дертке шалдыққандардың 10 проценті - кәмелеттік жасқа толмағандар. Ал облыс бойынша соңғы бірнеше күнде инфекцияның таралуы төмендеп келеді.

Айнагүл Мусина, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:
-Мектеп оқушылары арасында ауырғандар көбейіп жатыр. Сондықтан егер мектепте 1 ғана науқас анықталса да, оқу орны карантинге жабылады. Тек балалар ғана емес, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер арасында да ауруды жұқтырғандар бар. Байланыста болғандар анықталып, бақылауға алынды.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу