Түркияда мутацияға ұшыраған вирус таралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда мутацияға ұшыраған вирус таралып жатыр

04.02.2021

Коронавирустың «ағылшын мутациясы» деген атпен танылған түрін бүгінге дейін 196 адам жұқтырған. Бұл ақпаратпен елдің Денсаулық сақтау министрі Твиттер парақшасында бөлісті. Ал вирустың Оңтүстік Африкалық түрі екі адамнан, бразилиялық деген мутант түрі бір адамнан анықталды. Қазір бұл науқастар ауруханаға жатқызылып, оқшауланған. Ал мутант вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталып, карантинге алынды.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу