Зейнетақы жинағын алуға өтініштер қандай жағдайда қабылданбайды - БЖЗҚ түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағын алуға өтініштер қандай жағдайда қабылданбайды - БЖЗҚ түсіндірді

05.02.2021
Зейнетақы жинағын алуға өтініштер қандай жағдайда қабылданбайды - БЖЗҚ түсіндірді

БЖЗҚ зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға өтініштер қандай жағдайда қабылданбайтынын түсіндірді.

1. Алуға болатын сомадан артық көрсеткен жағдайда;

Өтініш берердің алдында зейнетақы жинағы туралы ақпаратты (enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте, БЖЗҚ мобильді қосымшасында, egov.kz порталында) тексеріп алу қажет.

2.  Жеке табыс салығын төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға болатын соманың дұрыс көрсетілмуінен;

Жеке табыс салығы кейін төленсе, өтініште алуға болатын соманы салықтың мөлшерін шегермей, көрсету керек. Ал салық толық көлемде бірден төленген жағдайда өтініште алуға болатын соманы 10% мөлшеріндегі жеке табыс салығын шегере отырып, енгізу керек.

3.  Жеткіліктілік шегін есепке алмай, шоттағы бар соманы көрсеткен жағдайда;

Мысалы, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын енгізіп қояды. Ал өтінімде БЖЗҚ-дан алған үзінді көшірмеде көрсетілген және алуға қолжетімді соманы ғана көрсетуге болады.

4. Валюта бағамдарының немесе зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдары құнының өзгеруі нәтижесінде инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістер ескерілмеген өзекті емес соманы көрсеткенде;

Ондай қателік жасамау үшін зейнетақы жинақтары туралы өзекті ақпаратты, оның ішінде қолжетімді сома туралы мәліметтерді біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға тікелей өтінім берер алдында тексеру керек

5. Бір өтініші қайталап жіберген жағдайда;

Өтінішті жіберген соң, 5 күндей күту керек. Осы уақыттың ішінде БЖЗҚ уәкілетті оператор ашқан арнайы есепшотқа ақшаны жібереді.


Хабарламаларға жазылу