Қостанай қаласының тұрғыны зейнетақы жинағын пайдаланып баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай қаласының тұрғыны зейнетақы жинағын пайдаланып баспаналы болды

05.02.2021

Қостанай қаласының тұрғыны алғашқылардың бірі болып, зейнетақы жинағының тиісті бөлігін пайдаланып, баспана сатып алды. Серік Сарбасов еліміз бойынша зейнетақы жинағының арқасында баспаналы болған екінші адам. Бұған дейін Шымкент қаласының тұрғыны пәтерге қол жеткізген болатын. «Отбасы банкінің» Instagram парақшасынан қажетті ақпаратты көрген ол, қаржыны алудың нақты тетіктері белгіленген соң бірден өтініш берген.

Серік Сарбасов, Қостанай қаласының тұрғыны:
-23 қаңтарда өтініш бердік. Екі күннен кейін өтініш қанағаттандырылғаны туралы хабарлама келді. Берілген қаржыны алдында ашқан депозитымызға қосып, баспана алуға несие рәсімдедік. Енді жуық күндері жаңа пәтеріміздің кілтін алғалы отырмыз.

Еліміз бойынша зейнетақының тиесілі бөлігін алуға 113 мың адамнан өтініш түскен. Өтініш беруден бастап, оны белгілі мақсатқа жұмсауға дейінгі операциялардың бәрі онлайн түрде рәсімделеді. Ақпараттың бәрі «Отбасы» банктің Instagram парақшасында көрсетілген. Әлеуметтік желі арқылы банк қызметкерлерінен тегін кеңес алуға болады.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу