Дағдарысқа қарсы бөлінген 2 триллионнан астам қыруар қаржының 344 миллиарды заңсыз жұмсалған. Ақшаның игерілуін тексерген Есеп комтитеті осыны анықтап отыр. Әсіресе Жұмыспен қамтудың жол картасында заңбұзушылық көп. Бағдарламаға бөлінген бір триллионның 96 миллиард теңгесі заңсыз жұмсалған. Ал агроөнеркәсіпті дамыту бағдарламасына бөлінген қаржының 49 миллиарды ұстағанның қолында тістегеннің аузында кеткен болуы мүмкін. Сондай-ақ Бизнестің жол картасына бөлінген ақшаның 35 миллиардтың да қалай жұмсалғаны күдік тудырып отры. Аудит кезінде анықталған заңбұзушылықтардың барлығы қазір құқық қорғау органдарына жіберілген. Барлығы екі жүзден астам адам істі болды.
Досжан Маратұлы