Сотталғандарды пайдаланып 9 жалған кәсіпорын ашқан қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сотталғандарды пайдаланып 9 жалған кәсіпорын ашқан қылмыстық топ ұсталды

08.02.2021
Сотталғандарды пайдаланып 9 жалған кәсіпорын ашқан қылмыстық топ ұсталды

ШҚО және Павлодар облыстарының аумағында ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан тағы бір ұйымдасқан топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

«ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпестен шот-фактура жазып берумен айналысқан, құрамында 5 адам бар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс тергеуді аяқтады.  

Тексеру барысында ұйымдасқан топтың басшылары 2018-2020 жылдар аралығында ШҚО және Павлодар облыстарының аумағында өздерінің таныстары мен туыстарының, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен жандар мен сотталғандардың атына 9 жалған кәсіпорын ашып, заңсыз қызметті жүзеге асырғаны анықталды», - делінген хабарламада. 

Олар контрагенттерді салықты төлеуден босату мақсатымен жалған есеп-шоттарды жазып берумен айналысқан.

Кәсіпорындар Екібастұз, Павлодар және Өскемен қалаларында тіркелді. Тінту барысында жалған кәсіпорындардың бухгалтерлік құжаттары, мөрлер, компьютерлер мен крипто кілттер, чек кітапшалары, 9 миллион теңге ақша қаражаты алынды. 

Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҰҚТ ұйымдастырушылары мен мүшелері ҚР ҚК 262 бабы 1-б. және 216 бабының, 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Хабарламаларға жазылу