Алматылық полицейлер азаматтардың жеке деректерін сатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық полицейлер азаматтардың жеке деректерін сатқан

08.02.2021
Алматылық полицейлер азаматтардың жеке деректерін сатқан

Алматының бұрынғы және қазіргі полицейлері қазақстандықтардың жеке деректерін сатқаны анықталды. Бұл туралы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов мәлімдеді.

«Алматы қалалық Полиция департаментінің қазіргі және бұрынғы қызметкерінің қатысы бар қылмыстық топ ұсталды. Полицейлер азаматтық тұлғалармен ымыраласып, ведомстволық ақпараттық базаны сатуды бизнеске айналдырған. Жеке мәліметтер үшінші тұлғалардың қолына түсіп отырған», - деді ол брифингте.

Айтуынша, қылмыстық әрекетке Полиция департаментінің қазіргі екі, бұрынғы үш қызметкері және бір азаматтық тұлға барған. Барлығы сотталды.


Хабарламаларға жазылу